🔹 Түпқараған ауданы полиция бөлімінің ЖПҚб бастығының орынбасары, полиция капитаны Ж.Молдабеков және ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты С.Алпейсов кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңсыз жүруінің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізді.

🕚 Түнгі 23:00-ден кейін көшеде жүрмеу туралы оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

✅ Мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.