❇️ Бүгін мектебімізде 10-11 сынып оқушыларымен нашақорлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Түпқараған АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы – Саркенов Джамбул Майраддинович, Түпқараған ауданы прокураторасының прокуроры – Амангелдин Жалғас және мектеп психологы – Әбішева Табиғат қатысты.

✅ Кездесудің мақсаты – оқушыларға нашақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беру, сондай-ақ жастардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру. Кездесу қонақтары оқушыларға құқықтық нормаларды сақтаудың маңыздылығын, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың және нашақорлықтың теріс әсері жайлы түсіндірді.

❇️ Мектеп психологы жасөспірімдерге қауіптің алдын алуға көмектесетін кеңестер беріп, олардың психологиялық денсаулығын нығайтуға шақырды.

✅ Құқықтық сауаттылық – жарқын болашақ кепілі!