❇️ Бүгін мектебімізде оқушылар арасында “Нашақорлыққа жол жоқ” және “Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік” тақырыптарында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.

✅ Шараның басты мақсаты – жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өзара сыйластық пен бірлікке шақыру.

❇️ Іс-шара барысында оқушыларға арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, оларды өмірлік дұрыс таңдау жасауға үндейтін мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.