Көктем келіп, жаңа кезеңнің бастауы.Наурыз -ел өмірінде ғана емес , әрбір Қазақстандықтың жүрегінде жаңару мен бірліктің символына айналған ай. Мектебімізде “Менің ағашым” атты мектеп алдын көгалдандыру,яғни көшет отырғызу акциясы өтті.
Негізгі мақсатымыз: Қоршаған ортаны қорғауға айналаны көгалдандырып, оқушыларды мәдениеттілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.
Ағаш егу - бұл атадан балаға мирас болған сауапты іс. Осыны түсінген оқушылар мен ұстаздар акция кезінде ерекше құлшыныспен еңбек етті. Балалардың тындырымды тірлігіне ұстаздар да тәнті болды.
Айналамыз жап-жасыл әдемі болып тұрғаны өзімізге жақсы.Бір құптарлығы, білім ұясының қамын ойлаған оқушылар ағаш көшетінің түр-түрін әкеліпті. Бұл мектеп ауласын жасыл желекке бөлейтіні белгілі.Ширақ қимылмен жұмыс істеген шәкірттер көктемгі көшет отырғызу жұмысын межелі уақытта аяқтады.
https://www.instagram.com/reel/DHXr8Gas2P2/?igsh=MWMzd2Nqajd4bmh6cA==














