Форт - Шевченко мектеп - лицейінің «Өзін - өзі басқару» ұйымының мүшелері мен дене шынықтыру пәні мұғалімі Сатыбалдиев Амандық «Әкеммен өткен бір күнім» тақырыбы аясында әкелерден құралған командалар арасында футболдан жарыс өткізді.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Сатыбалдиев Амандықтың бастамасымен және мектеп директорының қолдауымен өткізілген бұл шара көңілді әрі белсенді өтті. Шара тек жарысу үшін емес, әкелердің балаларына үлгі көрсетіп, бірге уақыт өткізудің құндылығын ұғындыру үшін ұйымдастырылды.
Орындаған : Султанова А.














