Форт-Шевченко мектеп-лицейінде Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен және 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұстаздан шәкірт озар» тақырыбында ерекше мерекелік шара өтті. Ұстаздар күніне арналған мерекелік көңіл – күймен мұғалімдерді салтанатты түрде күтіп алу рәсімі өткізілді. Таңертеңнен бастап мектептің кіреберісі шарлармен безендіріліп, оқушылар мен өзін-өзі басқару ұйымның мүшелері ұстаздарды жылы лебіздермен күтіп алды.
Іс-шара барысында оқушылар ұстаздарды салтанатты түрде қарсы алып, гүл шоқтарын табыстады. Оқушылар жүрекжарды әндерін айтывп, би билеп, әсерлі сахналық қойылымдар қойып, ұстаздарға деген алғысын білдірді.
https://www.instagram.com/reel/DPT2Uu1iBQD/?igsh=ODdrZjI1a284MXM3














