8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай « Ару ғұмыр » атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Мақсаты: Жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

7-наурыз күні мектебіміздің білім беру жолындағы ер азаматтары мен 9-10 сынып оқушылары,өзін -өзі басқару ұйымы мүшелері бірігіп,нәзік жанды ұстаздар мен қоса ұжымдағы барлық әйел азаматтарды гүл шоқтарымен қарсы алып,мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, аналарға ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады.

Осы аталмыш мерекеге орай, мектебіміздің ер азаматтары мен  жастары және өзін-өзі басқару ұйым мүшелері  аналар мен аруларға арнап, ақын-жазушыларының туындыларынан үзінділер оқып, әсем әндер мен күйлер орындады.

Мерекелік кеш келген әрбір адамның жүрегіндегі анаға деген махаббаты мен құрметін арттырып, бір сәтке болса да аналарын қуанту үшін әлемнің асылын сыйлауға асықтырғаны анық.

https://www.instagram.com/reel/DHDQKtlMMbe/?igsh=NnZ4M3ZydDF6eXM1