Оқушылар сахнаға шығып, бір-бірімен амандасады. Ойын ойнайды. (Резинка, класс, доп, скакалка).

Экранда мектептің суреті тұрады.

Жантас сахнаға жүгіріп шығып, Қожаға жақындап:

Жантас: -Эй, мынаның не екенін білесің бе? Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға, ауылда қаласың!

Қожа: Оны саған кім берді?

Жантас: Кім беруші еді, Майханова Апай берді. Бірақ сен жоқсың тізімде.

Қожа: Неге мен жоқпын? Майханова қайда?

Жантас: Мектепте.

Қожа мектепке келеді.

Мұғалім: -Иә, не болды Қадыров?

Қожа: Лагерьге жолдама беріңізші маған.

Мұғалім: Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте барасын!

Қожа: Неге?

Мұғалім: Неге болушы еді? Бәріне бірдей жетіспейді. Ал екіншіден, ең әуелі біз лагерге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібіреміз.

Қожа: Жантас немене? Менен артық болғаны ма?

Мұғалім: Сен немене, мені тергеп тұрсың ба?

Қожа: Бермесеңіз, құрыңыз!

Мұғалім: Қадыров бері кел деймін! Қадыров!

Қожа: -Осындай әділетсіздікке қалай ғана қаным қайнамайды?Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап, сыпсыңдағыш, өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш Жантас, үлгілі оқушы болғанда, менің үлгісіз болғаным, менің сабақ үлгерімім, одан көш ілгері екені, екпінділігімде ешқандай есеп емес!

Қожа мұңайып, сахнадан шығып кетеді. Қыздар «Ұстазым» әнін орындайды.

Әнді айтып болғаннан кейін бәрі сахнадан шығып кетеді. Қожа келеді.

Қожа: Жаңа Майқановаға істегенім топарлық болды ау деймін! Әрине, Жантасқа жолдама беріп, маған жолдама бермеген оныкі де әділдік емес! Дегенмен, Майқанова Мұғалім- мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, жаны асқақ, және ар-намысын ардақтайды. Жақын адамдарына да, жат адамдарына да әділ. Бәріне жақсылық пен ізгілік көрсететін жан.

Сахнадан Қожа шығып кетеді.

Бір гитарист, екі қыз ән орындайды.

Қожа сахнаға костюмін киіп, жүгіріп шығады.

Қожа: Бүгін сентябрьдің бірі. Парадтағы солдаттай жаңа формамды қатып киіп, мектепке келе жатырмын.

-Мынау, біздің класс. Әлі ешкімнің де келе қоймаған түрі бар. Орынды қай жерден алсам екен деп, ұзаақ ойландым. Мұғалімнің ең алдына бетпе-бет отырамын деген шешімге келдім. Ендігі менің арманым, Жантастың, тфууй, оның аты аузыма қалай түсіп кетті. Жанардың келуі. Қасымдағы орынды соған ұсынбақпын. Сосын жыл бойы Жанар екеуміз қатар отырамыз. Егерде Жанарды ойласам, менің ішім гүл жайнап кеткендей болады.

Сосын Жантас келеді.

Жантас: Сәлем. Қожа! Қасың боспа, Қаракөжек?

Қожа: Саған сақтап отырмын.

Жантас: Қамқорлығыңа рахмет! Деп орындыққа отырайындеп жатырғанда Қожа орындықты тартып қалады. Жантас құлап түседі.
Жанар қыздармен келеді.

Жанар: Сәлем Қожа! Тағы да сотқарлық жасап жүрсің бе?

Қожа: Жанар, мен оңбаған Жантастың кесірінен жоспарым күл талқан болды.

Мен кейде сұрақ қоямын өзіме-өзім. Жанарды неге ойлай беремін? Егер де оны көрмесем, алакөңілденіп, Тынышым кетіп тұратын несі? Әлде, осының өзі әлгі жұрт айтатын, кітаптарда жазылатын не, не емеспе?

Қыздар сахнада «Бала махаббат» әнін орындайды.

Партадағы қыздар қағаз лақтырып, ойнап отырады. Қожа партаны айналып, қашады, Жанар қуады. Мұғалім келгенде, барлығы қолдарын партаға қояды.

Мұғалім: -Сәлеметсіздер ме, Оқушылар! Баршаңызды жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі өтетін сабағымыз, деп тақтаға күннің жадын жаза бастайды.

Бір бала поэзия орындайды. Ар жағында бір қыз Тақтаға бірдене жазады.

Сахнадағы қыздар, кітапты ашып, оқи бастайды.

Жантас ұстаз туралы поэзия орындайды. Болғаннан кейін,

Қожа: Мен өзімнің шәкірт болған күндерімді көз алдыма дәл осылай елестетемін. Дауыл сарпып өтті. Жан қалды. Енді асықпай ойланып, өз-өзіме серт беріп, толғануыма болады.

Жантас: Ұстаздарымызға ұнамайтыны, біздің тентек қылықтарымыз, Біздің әрбір жөнсіз қылығымыз, мұғалімнің миына инедей қадалып тұрады. Жүрегі жұмсақ адамға біз секілді жөнсіз еткен асаулармен арпалысу жеңіл тимейді. Шырылдаса, ұрысса, бізді адам болсын, жаман жолға түсіп кетпесін дейтін шығар.

-Иә, біз бала деген ақымақтаумыз! Шолақ ойлаймыз.

Қожа: Менің енді ұстаз атаулыға деген көзқарасым өзгерді. Ұстаз бола білу, екінің бірінің қолынан келе бермейді. Алыптыңда, дананың да ұстазы болған. Мен үшін жақсы мұғалім, бәрінен де артық. Себебі, Мұғалім-мектептің жүрегі. Мұғалім-зор тұлға. Ол- күннің құдіретті сәулесі секілді. Ол маған, ұш, самға деп, қолтығымнан қанат бітіреді. Арманды санасына қарай жетелейтін жан секілді.

-Самға, самға, қиял құсы, лаула, жігер оты! Асығатын да, аңсайтын да ертеңгі болашақ!

Барлығы қосылып ұстаздар әнін орындайды.