🏢 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 9–10 сыныптар арасында «Бір шаңырақ астындағы достық» тақырыбында жарыс өтті.
🌍 Шара барысында әр сынып түрлі ұлттардың мәдениетін таныстырып, қазақ, өзбек, корей, үнді, мексика және орыс халықтарының дәстүрлері мен ерекшеліктерін көрсетті. Оқушылар ұлттық киімдер киіп, өнерлерін көрсетіп, сондай-ақ әр ұлттың ұлттық тағамдарын таныстырды.
🤝 Іс-шара мектептің Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өтті. Өзін-өзі басқару ұйымының президенті Нұрбекқызы Перизат қазылар алқасы құрамында болды.
✨ Жарыс оқушылардың достыққа, бірлікке деген көзқарасын нығайтып, әртүрлі мәдениеттерге құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.














