🏢 Мектебімізде «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» онкүндігі аясында 4 «Ә» сыныбына кітапханашы Джумагулова Баян Раззаковнаның ұйымдастыруымен «Үзілісте кітап оқу» атты «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ерекше үзіліс өтті.
📚 Шара барысында оқушылар үзіліс уақытында кітап оқып, оқыған шығармалары бойынша өз түсінгендерін баяндап, ой бөлісті. Оқушылардың оқу мәдениеті қалыптасып, кітапқа деген қызығушылықтары арта түсті.
✅ Іс-шара оқушылардың сөздік қорын байытып, ойлау қабілетін дамытуға бағытталды.














