🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айғағы, елдігіміздің нышаны, ұлттық мақтанышымыздың белгісі.
🏢 Осы мерекеге орай мектебімізде Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның маңызы мен тарихын насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. Оқушылар рәміздердің мәні мен мазмұны туралы мағлұмат алып, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін арттырды.
✨ Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мәртебесі арта берсін!














