🏢 Бүгін білім алушыларға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті мамандары арнайы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

📚 Кездесу барысында қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Сержан Асқарұлы мен дінтану кафедрасының ұстазы Ишмаханов Жандос талапкерлерге университеттің білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері және мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берді.

✅ Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар алды.

✨ Осындай кездесулер жас ұрпақтың дұрыс таңдау жасауына үлкен мүмкіндік береді.


 

 

▲