📌 Тақырыбы: «Отбасы тәрбиесіндегі әке мен ананың рөлі»
Мақсаты: Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету арқылы олардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту және мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Ата-аналармен өзара ынтымақтастықты нығайту, білім алушылардың оқу-тәрбие үдерісіндегі өзекті мәселелерін талқылау, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру.
Барысы: АПҚО аясында өткізілген жиналыс аясында ата-аналардың баласына деген көзқарасын анықтауға бағытталған «Менің балам – менің болашағым» жаттығуы ұйымдастырылды. Ата-аналар балаларын кез-келген жеміс түріне теңеп, қысқаша сипаттама берді. «Балаңыздың болашағы үшін сіз қандай қадамдар жасайсыз?» деген сұрақ аясында ой бөлісті.
«Бір қадам – бір қолдау» танымдық ойыны арқылы ата-аналардың бала өміріне қаншалықты белсенді қатысатыны айқындалды. Ойын мақсаты ата-аналардың балаға қолдау көрсету рөлін түсіндіру, бірлік пен ынтымақтастықтың маңызын сезіндіру. Ойын барысында:
- Әр ата-анаға стикер немесе шағын қағазтаратылады.
Тапсырма беріледі:«Мен балама күн сайын бере алатын бір қолдауымды жазыңыз»(мысалы: тыңдау, мақтау, бірге уақыт өткізу, сенім білдіру).
- Барлығы жазып болған соң, ортақ плакатқа немесе тақтаға жапсырады.
- 2–3 ата-ана жазғанын оқып беруі сұралады.
✅ Ойынан кейін төмендегідей талқылаусұрақтары қойылды:
• Бұл қолдаулар баланың оқуына қалай әсер етеді?
• Егер барлық ата-ана осылай қолдау көрсетсе, қандай нәтиже болады?
Ата-аналар бұл талқылау сұрақтарына бірлесе талқылап, тәрбиелік тұрғыдан тиімді шешу жолдарын ұсынды.
Іс-шара соңында жүргізілген рефлексия барысында ата-аналар стикерге «Балам болашағына менің әсерім қандай…» деген сауалға жауап жазып, өз жауапкершілігін нақты әрекеттер арқылы көрсетуге ниет білдірді.














