🏢 Мектебімізде «Білімге бастар жол – бастауыш!» атты бастауыш сынып апталығы аясында 2-сынып оқушылары арасында қазақ поэзиясының алыбы Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, көркем сөз өнерін дамыту және оқушылардың бойында сахна мәдениетін қалыптастыру.

✨Оқушыларымыз Мұқағали жырларын жүрекпен жеткізіп, әр өлеңнің мәнін сезініп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Әрбір қатысушының талпынысы мен өнері жоғары бағаланды. Жас жүректерге жыр дарытқан бұл байқау – рухани байлыққа бастар игі қадам болды. Қатысқан барлық оқушыларға алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

 

▲