🏢 Мектебімізде «Білімпаздар мекені» атты 10 күндік жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
✨ Іс-шара барысында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, лагерьдің ашылу лентасы салтанатты түрде қиылып, жазғы демалыс маусымына ресми түрде бастау берілді.
🎉 Ашылу мерекесінде оқушылар аниматорлармен бірге көңілді би билеп, түрлі ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қызықты бағдарламаны тамашалады. Сонымен қатар, балаларға тәтті балмұздақтар таратылып, мерекелік көңіл-күй одан әрі арта түсті.
🌞 «Білімпаздар мекені» лагері оқушылардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жаңа достар табуына мүмкіндік береді. Балаларымызға көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттер тілейміз! 🎈📚🍦














