🌞 Лагерьдің бесінші күні балалар үшін қызықты да әсерлі сәттерге толы болды.
🎨 Оқушылар заманауи дизайн үйірмесінде шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа идеяларын жүзеге асырса, 🗿 көркем мүсін үйірмесінде өз қолдарымен түрлі жұмыстар жасап, шеберліктерін шыңдады. Сонымен қатар, 🏃 дене шынықтыру сабақтарына белсене қатысып, сергек көңіл күй мен көтеріңкі рух сыйлаған спорттық жаттығулар орындады.
💃 Күннің ең жарқын шараларының бірі – «Dance with the Stars» атты би байқауы болды. Байқау барысында әр топ өз өнерлерін көрсетіп, би арқылы шығармашылық қабілеттері мен сахна мәдениеттерін танытты. Қатысушылар белсенділік танытып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
✨ Лагерьдің бесінші күні достыққа, шығармашылыққа және жарқын эмоцияларға толы болып, балаларға ұмытылмас әсер қалдырды. 🌟🎶💃🎨














