🌞 Лагерьдің екінші күні де қызықты әрі мазмұнды іс-шараларға толы болды.

🤖 Балалар робототехника үйірмесіне қатысып, заманауи технологиялармен танысты. Сонымен қатар, 🎨 ұлттық өнер шеберханасы мен көркем мүсін үйірмелерінде өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, ерекше жұмыстар жасады.

⭐ Күннің ең қызықты сәттерінің бірі – «Жұлдыздар шоуы» болды. Шара барысында әр топ өздерінің топ атауы мен ұранын таныстырып, өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар белсенділік танытып, шығармашылықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетті.

🎬 Шоудың соңғы кезеңі «Мультфильмді тап» ойынымен жалғасты. Бұл сайыста барлық топтар өздерінің шапшаңдықтары мен тапқырлықтарын көрсетіп, мультфильмдерді мүдірмей дұрыс тауып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

✨ Лагерьдің екінші күні балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, достық пен бірлікті нығайтқан жарқын күндердің біріне айналды. 🌈🎉📚

 

 

 

 

 

 

 

 

▲