🌞 «Білімпаздар мекені» жазғы сауықтыру лагерінің алғашқы күні қызықты әрі әсерлі өтті.

👫 Лагерь тәрбиеленушілері STAR KIDS, BLUE STARS, MAGIC KIDS, SUNSET және SMART KIDS топтарына бөлініп, түрлі танымдық және шығармашылық іс-шараларға белсене қатысты.

🎨 Балалар сурет салу үйірмесінде өз қиялдарын суретке айналдырып, шығармашылық қабілеттерін дамытса, 🏐 спорттық алаңда волейбол ойнап, ептілік пен командалық бірліктерін көрсетті. Сонымен қатар, әртүрлі қызықты үйірмелер мен ойындарға қатысып, жаңа достар тауып, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі сәттерге куә болды.

✨ Лагерьдің алғашқы күні балаларға қуанышқа толы әсер сыйлап, жазғы демалыстың қызықты бастамасына айналды. Алда оларды жаңа таныстықтар, қызықты шаралар мен ұмытылмас сәттер күтіп тұр! 🌈📚🎉

 

 

 

 

 

 

 

▲