Лагерьдің алтыншы күні балалар үшін шығармашылық пен қызықты сәттерге толы болды.
🎨 Күннің басты шарасы – «Art Life» сурет байқауы. Байқау барысында әр топтың оқушылары кезек-кезек берілген суретті жалғастырып салып, өздерінің қиялдары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Нәтижесінде бірлескен еңбектің арқасында ерекше әрі әдемі туындылар дүниеге келді.
💃 Сонымен қатар, балалар би үйірмесіне қатысып, өнерлерін шыңдады. 🤖 Робототехника үйірмесінде жаңа технологиялармен танысып, қызықты тапсырмалар орындады. 🎨 Заманауи дизайн, 🗿 көркем мүсін және 🧶 ұлттық өнер шеберханасы үйірмелерінде шығармашылық жұмыстар жасап, өз қабілеттерін дамытты. 🏃 Дене шынықтыру сабақтарында белсенді ойындарға қатысып, сергек көңіл күй сыйлады.
✨ Алтыншы күн балаларға көтеріңкі көңіл күй, жаңа әсерлер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады.














