🌞 Лагерьдің жетінші күні көтеріңкі көңіл күймен басталды. Балалар таңғы жаттығу жасап, сергіп алған соң, таңғы ас ішіп, жағалауға аттанды.
🏖️ Жағалау бойында «Табиғат аясындағы демалыс» атты қызықты жарыс ұйымдастырылды. Шара барысында әр топ топырақтан өз қалашықтарын тұрғызып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Балалар ұйымшылдық танытып, бірлесе жұмыс жасады.
🎨 Сурет үйірмесінде, үйірме жетекшісі балалардың беттеріне түрлі әсем бейнелер салып, олардың көңіл күйлерін көтерді. Бұл сәттер балаларға ерекше қуаныш сыйлады.
♟️ Тоғызқұмалақ үйірмесінде оқушылар логикалық ойлау қабілеттерін дамытса, 🧶 ұлттық өнер шеберханасында ұлттық қолөнердің қыр-сырымен танысып, шығармашылық жұмыстар орындады.
✨ Табиғат аясында өткен бұл күн балаларға көтеріңкі көңіл күй, жаңа әсерлер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады. 🌊☀️🎨🧶♟️😊














