🏢 Мектебімізде 10 «А» сыныбында «Абылай ханның сыртқы саясаты. Леп белгісі» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өтті. Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тажигулова Жарқынай Султансиховна мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мансурова Гулмаржан Саликовна өткізді.
📚 Сабақ барысында оқушылар Абылай ханның тарихи тұлғасы мен оның көреген саясаты туралы мәлімет алып, қазақ халқының Ресеймен қарым-қатынасы жайлы білімдерін кеңейтті. Сонымен қатар, леп белгісінің қолданылу ерекшеліктерін меңгеріп, мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамытты.
💬 Оқушылар топтық жұмысқа белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
✅ Сабақ білім алушылардың тарихи танымын арттырып қана қоймай, шығармашылық және тілдік дағдыларын дамытуға бағытталды.














