Дублер жобасын ұйымдастыру мақсатында ауданымызға белгілі маман Нұрсайынова Миланамен бір күндік іс-тәжірибе таныстырылымы ұйымдастырылды.

Кездесу барысында маманның:
🔹 өмір жолы,
🔹 мамандықты таңдаудағы шешімі,
🔹 алған білімі мен оқыған оқу орны,
🔹 қосымша табыс табу мүмкіндіктері туралы
мазмұнды сыр-сұхбат жүргізілді.

Сонымен қатар, Милана Нұрсайынованың өндірістік шеберханасымен танысып, жұмыс барысын іс жүзінде көрсетті.

🎙️ Дублер жобасының мақсатына сай маманмен шағын подкаст ұйымдастырылып, оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар берілді.

✨ Бұл кездесу оқушыларға болашақ мамандықты саналы таңдауға үлкен мотивация берді.

 

 

▲