🏢 «Ерекше баланың дамуы – ата-ана мен маманның бірлескен еңбегі» тақырыбында ата-аналар мен балаларының қатысуымен практикум-семинар өтті. Шара барысында ата-ананың қолдауы арқылы баланың дамуын арттыру жолдары кеңінен түсіндірілді.

📌 Практикум-семинарды логопед Бекболатқызы Жансая және дефектолог Ержанқызы Фариза өткізді. Мамандар ата-аналарға үй жағдайында баланың дамуына оң әсер ететін түрлі ойындар мен жаттығуларды көрсетіп, тиімді әдістермен бөлісті.

✅ Шара ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттырып, маман мен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

 

 

 

▲