📚 Ақтау қаласында орналасқан Ш.Есенов колледжі мамандары мектебімізге келіп, 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру бағытында агитациялық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🎓 Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, оқу шарттары, қабылдау ережелері, білім алу мүмкіндіктері мен студенттерге жасалатын жағдайлар туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, талапкерлерге арналған жеңілдіктер, шәкіртақы және жатақхана мәселелері де таныстырылды.

💬 Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан нақты жауаптар алды.

✨ Кездесу оқушылардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына септігін тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

▲