Мектебімізде ата-аналарға арналған «Мектеп өмірі өз көзімізбен» тақырыбында ашық есік күні өтті. Іс-шара барысында ата-аналар мектептің тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысып, оқушыларға арналған үйірмелердің жұмысын тамашалады. Асхана мен спортзалға шолу жасалып, технология кабинетіндегі оқушылардың практикалық жұмыстары, STEM бағыты бойынша робототехника үйірмесінің жетістіктері ұсынылды.
Сондай-ақ инклюзивті білім беру кабинетінің қызметі, арт-студио кабинетінде орындалған шығармашылық жұмыстар, биология сабағындағы гидропоникалық зертханалық тәжірибелер, кітапхана қоры, телестудия кабинетіндегі медиа-жұмыстар таныстырылды. Бұдан бөлек, «Зерде» республикалық конкурсының облыстық жеңімпазы Рафик Тілекқабыл жасаған электронды ұршықтың таныстырылымы көпшілік назарын аударды.
Іс-шара соңында ата-аналар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, QR-код арқылы кері байланыс жасады. Ашық есік күні акт залда өткен шағын концерттік бағдарлама арқылы әсерлі түрде қорытындыланды. Іс-шараға өзін-өзі басқару ұйымы да белсенді атсалысты.














