🏢 Мектебімізде 3–4 сынып оқушылары арасында «Өз ісінің шебері» атты практикалық дефиле сайысы жоғары деңгейде өтті. Оқушылар түрлі мамандықтарды таныстырып, өз шеберліктерін сахнада көрсетті.
📋 Байқауға қатысқан сыныптар мен мамандықтар:
3 «А» – Мұғалім
3 «Ә» – Дәрігер
3 «Б» – Өрт сөндіруші
3 «В» – Аспаз (кондитер)
4 «А» – Құрылысшы
4 «Ә» – Суретші
4 «Б» – Программист
4 «В» – Эколог/Бағбан
4 «Г» – Полиция қызметкері
🌟 Әр сынып өздеріне берілген мамандық бойынша бақтарын сынап, шығармашылық қабілеттерін, сахна мәдениетін және практикалық дағдыларын көрсете білді.
🏆 Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылар жүлделі орындар мен түрлі номинациялар бойынша марапатталды.
✅ Сайыс оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып, еңбекке баулуға үлкен үлес қосты.














