📢 Мектеп кітапханашылары ұзақ үзіліс уақытында оқушыларға, мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге арналған “Көңілді үзіліс” шарасын ұйымдастырды.

📌 Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың белсенділігін арттыру, бірлесіп әрекет ету мен командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру.

✅ Кітапханашылар дайындаған қызықты ойында қатысушылар кішкентай шарды біркелкі қимыл-қозғалыс арқылы арнайы тесікке дәл түсіруге тырысты. Бұл ойын қатысушылардың ұжымдық әрекетін, сабырлылығын және өзара түсіністігін дамытуға бағытталды.