🍰 Бейіндік сыныптың «Кондитер – безендіруші» үйірмесінің оқушылары мен жетекшілері жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылау мақсатында тәтті жәрмеңке ұйымдастырды.
🧁 Жәрмеңке барысында оқушылар өз қолдарымен дайындаған кондитерлік өнімдерін ұсынып, шығармашылық қабілеттері мен кәсіби шеберліктерін көрсетті. Әрбір өнім – еңбек пен ізденістің, талғам мен ұқыптылықтың нәтижесі. ✨
👏 Оқушыларымызға шығармашылық табыс, шабыт және үлкен жетістіктер тілейміз!














