🏢 Мектебімізде «Білімге бастар жол – бастауыш!» атты бастауыш сынып апталығы аясында Даярлық сынып мұғалімі Дагестанқызы Айдананың ұйымдастыруымен 1-сыныптар арасында «Көңілді мәре» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды.
🏃♂️ Сайыс барысында оқушылар түрлі қимылды ойындар мен эстафеталық тапсырмаларға қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Балалар бір-біріне қолдау білдіріп, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін танытты.














