Мектебімізде «Өнегелі ана, өнерлі қыз» атты ана мен қызға арналған тағылымды сайыс өтті. Бұл мәнді шарада халқымыздың ерте заманнан келе жатқан, бүгінде ұмыт қалып бара жатқан салт-дәстүрлері жаңғырып, ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталды.
Сайыс барысында аналар мен қыздар өзара үйлесім мен жарасымдылықты танытып, инабаттылық, ибалық, шеберлік пен өнерді ұштастыра білді. Ұрпақ тәрбиесіндегі ананың асыл өнегесі, қыз баланың көркі мен көрегендігі айқын көрініс тапты.
Тағылым мен тәрбиені ту еткен бұл игі шараны ұйымдастыруға мектептің өзін-өзі басқару ұйымы белсене атсалысып, ұлттық рухты көтеруге өз үлестерін қосты. Сайыс қатысушылар мен көрермендерге жылы әсер сыйлап, қазақы тәрбиенің маңызын тағы бір мәрте айшықтады.














