🏢 «Өнерлі ұрпақ – кемел болашақ» атты эстетика бірлестігі апталығы аясында дене шынықтыру пәні мұғалімі Құрақова Камшат Бердібекқызының ұйымдастыруымен «Баламалы ойындар құрастыру. Баскетбол. Шабуылға тосқауыл қою» тақырыбында ашық сабақ өтті.

 🏀 Сабақ барысында оқушылар баскетбол ойынындағы шабуылға тосқауыл қою әдістерін үйреніп, түрлі ойын элементтері арқылы өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын көрсетті. Шара оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, командалық жұмыс пен белсенділігін дамытуға бағытталды.


 

 

▲