[16:03, 24.04.2026] 11) Форт-Шевченко-Milana: 🏢 Мектеп психологы 7-сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылардың бір-бірімен жақын қарым-қатынас орнатуына, өзара түсіністік пен сенімділікті дамытуға бағытталған ойындар болды.

❇️ Тренингте оқушылар «Танысу ойыны» арқылы өздерін еркін таныстырып, топ ішінде ашықтық қалыптастырды. Келесі кезеңдерде ұйымдастырылған «Жұдырықты аш», «Тілсіз тиісу» ойындары арқылы оқушылар вербалды емес қарым-қатынастың маңызын түсініп, сабырлылық пен келісімге келу дағдыларын меңгерді. «Тез-тез қайтала» ойыны зейін мен шапшаңдықты арттырса, «Көңіл-күйімізді жаттықтыру» жаттығуы эмоцияларды тану және жеткізу қабілетін дамытуға ықпал етті.

✅ Соңында өткізілген «Кім екенін тап» ойыны оқушылардың өзін-өзі тану…
[16:11, 24.04.2026] 11) Форт-Шевченко-Milana: 📍 Қалдықтарға жаңа өмір

🏢 Мектебімізде 5–6 сынып оқушылары арасында «Қалдықтарға жаңа өмір» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларды экологиялық мәдениетке баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және тұрмыстық қалдықтарды тиімді пайдалануға үйрету.

❇️ Көрме барысында оқушылар пластик, қағаз, мата, қорап секілді қолданылған заттардан түрлі пайдалы және сәндік бұйымдар жасап, өз жұмыстарын таныстырды. Әрбір қатысушы өз идеясын қорғап, бұйымның жасалу жолы мен пайдасын түсіндіріп өтті.

✅ Оқушылар белсенділік танытып, ерекше шығармашылық жұмыстарымен көзге түсті. Көрме өте қызықты әрі мазмұнды өтті.

 


 

 

 

 

▲