🏆 ХХІ республикалық «Зерде» конкурсының III орын иегері, мектебіміздің 6-сынып оқушысы Рафик Тілекқабылды салтанатты түрде күтіп алу сәті өтті.

🎉 Қуанышты шара барысында мектеп ұжымы мен сыныптастары жас дарынды үлкен қошеметпен қарсы алды. Мектеп директоры жүрекжарды лебізін білдіріп, жетістікке жеткен оқушыға ақ тілегін арнады. Республика деңгейіндегі жеңіспен оралған оқушымен естелік суреттер түсіріліп, қуанышқа толы сәттермен есте қалды.

🎊 Тілекқабылды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да талай биік белестерді бағындырып, ел мерейін асыра берсін!

 

 

▲