🏢 «Өнерлі ұрпақ – кемел болашақ» атты эстетика апталығы аясында көркем еңбек пәні мұғалімдері Енбаева Гулнара мен Ахметова Айкерімнің ұйымдастыруымен «Кішкентай кондитерлер шеберханасы» атты шеберлік сағаты өтті.

 🧁Кондитерлік өнер – тек тәтті тағам дайындау ғана емес, ол – шығармашылық, әсемдік және шеберліктің үйлесімі. Әрбір әдемі десерттің артында үлкен еңбек, ұқыптылық және қиял жатыр.

 ✅ Осы оқу жылы басында мектебімізде 7–9 сынып оқушыларынан құрылған «Кондитер-безендіруші» мамандығына бейімдеу үйірмесі ашылған болатын.  Үйірменің мақсаты кондитерлік өнердің бастапқы және практикалық дағдыларын қалыптастыру, кәсіптік бағдар беру. Сол үйірменің қатысушылары бүгін өздерін кішкентай кондитер ретінде сынап көріп, түрлі тәтті тағамдар дайындады.


 

 

▲