📝 Сәттіғұл Жанғабылұлының 150 жылдық мерейтойына арналған апталықтың ашылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында халық ақынының өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, рухани мұрасы кеңінен насихатталды.

✏️ Ұлы тұлғаның шығармаларын дәріптеу мақсатында 5-11 сынып оқушылары арасында мүшәйра ұйымдастырылды. Мүшәйра барысында жас өрендер ақын жырларын мәнерлеп оқып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты. Іс-шара ұлттық құндылықтарды ұлықтауға, рухани тәрбие беруге және жас ұрпақтың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға зор үлес қосты.

 

 

 

▲