📝 Сәттіғұл Жанғабылұлының 150 жылдығына орай мектебіміздің кітапханашыларының ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларына арналған «Жыр алыбы – Сәттіғұл» атты әдеби-танымдық іс-шара өтті.
✅ Шара барысында Сәттіғұл Жанғабылұлының өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, ақынның жырлары оқылды. Іс-шара оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосты.














