🏢 Форт-Шевченко мектеп-лицейінде ата-аналарға арналған «Адал азамат: заң мен тәртіп – отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.
✅ Мақсаты – ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, оқу-тәрбие үдерісімен таныстыру және білім сапасын арттыруға бағытталған бірлескен жұмысты күшейту.
❇️ Іс-шара барысында ата-аналар ашық сабақтарға қатысып, оқушылардың білім деңгейімен, мұғалімдердің жұмыс тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі тарапынан оқу-тәрбие жұмыстары бойынша ақпарат беріліп, ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді.
📌 Шара соңында мектепішілік концерт ұйымдастырылып, оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Ата-аналар тарапынан оң пікірлер айтылып, мектеп жұмысына ризашылық білдірілді.
✨ Ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыруға ықпал етті.














