🏢 Бүгін Форт-Шевченко мектеп-лицейінде 9–11-сынып қыздарына арналған «Сталкингті тоқтат: қауіпсіздік – әр адамның құқығы» атты тағылымы мол кездесу өтті. Жиында Түпқараған ауданы полиция бөлімі отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция майоры Байкүренова Гүлжан Жаңбырбайқызы сталкинг ұғымы, жеке шекара қауіпсіздігі және заң аясында атқарылатын жұмыстар туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Қыз балаларға құқықтық сауаттылықтың маңызы айқындалып, қауіптің алдын алу жолдары баяндалды. Ал психолог Меруерт Ілиясқызы қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетіп, тақырыпқа сай кеңестерін ұсынып, ситуациялық жағдаяттар мен сергіту жаттығулары арқылы еркін әрі ашық пікір алмасуға мүмкіндік жасады.

✅ Кездесу барысында қыздар өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сұрақтарына жауап алып, алған әсерлерімен бөлісті. Маңызды әрі мазмұнды өткен жиын жасөспірімдердің қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, өз құқығын қорғауға деген сенімі

 

 

▲