Тәлімгер әдістемелік орталығы мен облыстық білім басқармасының бірлескен ұйымдастыруымен Түпқараған ауданында жүрмелі семинар өткізілді.
Аталған семинар кәсіби бағдар беруші педагогтар мен «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мұғалімдеріне арналды.
Іс-шара барысында тәжірибе алмасу, кәсіби бағдар беру бағытындағы тиімді әдіс-тәсілдер, сондай-ақ кәсіпкерлік білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, практикалық ұсыныстармен бөлісті.
Осындай кездесулер педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

 

 

 

▲