📢 Мектептің мейірбикелері оқушыларға «Төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері» тақырыбында түсіндіру сабағын өткізді.

📌 Іс-шара барысында балаларға түрлі төтенше жағдайларда – күйік, жарақат, есінен тану, мұрыннан қан кету сияқты жағдайларда жедел көмек көрсету тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді.

✅ Мақсаты – оқушылардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын, қауіпсіздік дағдыларын меңгеруін және жедел шешім қабылдау қабілетін дамыту.