🏢 Мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акция науқаны аясында 22 наурыз мерекесіне орай ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар ағаш отырғызып, ақ құйды. Ақ (сүт, айран) құю – халқымыздың табиғатқа деген құрметін, береке-бірлік пен өміршеңдікті білдіретін көне ғұрып. Бұл әрекет жаңа көшеттің тамыр жайып, өсіп-өнуіне, айналаның жасыл желекке бөленуіне тілектестік ретінде жасалады.














