🏢 2025–2026 оқу жылының қорытындысы аясында «Teachers Award Ceremony» атты салтанатты шара өтті. Іс-шара барысында жыл бойы атқарылған жұмыстар сараланып, мұғалімдеріміздің жеткен жетістіктері мен кәсіби еңбегі ерекше атап өтілді.
✨ Ұстаздарға алғыс хаттар мен құрмет грамоталары табысталып, олардың білім беру саласына қосқан үлесі жоғары бағаланды.
🎊 Ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегі мен шәкірт тәрбиесіндегі жауапкершілігі әрқашан құрметке лайық. Әрбір жаңа оқу жылында жетістіктеріңіз артып, бағындырар белестеріңіз көбейе берсін!
🎉 Алдағы оқу жылына зор табыс, толағай жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз!














