Астана қаласында өткен «Fibonacci International Robot Olympiad» (Фибонаци Интернешнл Робот Олимпиад) халықаралық чемпионаттан Форт-Шевченко мектеп-лицейінің оқушылары Талғатұлы Арслан І орын және Тілеген Мирас, Ғалымұлы Мәди үздіктер қатарынан көрініп, 16-20 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық кезеңінен де жеңімпаз атанды. Жетекшісі Форт-Шевченко мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі Рауанұлы Раушанбек.
Білімге сенген – болашаққа сенеді. Осындай жеңістер жас буынды жаңа белестерге жетелей берсін!














