🏢 Мектебімізде Маңғыстау облысы прокуратурасының «Заңды құрметтейтін ұрпақ» жобасы аясында Түпқараған ауданы прокуратурасы, Полиция және Білім бөлімі өкілдерінің қатысуымен оқушылармен профилактикалық кездесу өткізілді.
✅ Кездесу қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында ашық әңгіме форматында ұйымдастырылып, заң мен тәртіпті сақтау, буллингтің алдын алу мәселелері қамтылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.














