🏢 1 Наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында орналасқан Форт-Шевченко мектеп-лицейінің базасында барлық білім беретін мектептердің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
✅ Іс-шара барысында азаматтық қорғаныс мәселелері қарастырылып, қорытындысы бойынша көрсетілімдік эвакуациялық оқу-жаттығу ұйымдастырылды, сондай-ақ азаматтық қорғанысқа арналған техника мен құрал-жабдықтар көрсетілді.














