🏢 Бүгін мектебімізде ерекше тәжірибелік күн өтті! Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің «Жүрмелі оқу орталығы» келіп, 9-сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар берді. Оқушылар теорияны тәжірибемен ұштастырып, түрлі мамандықтардың қыр-сырын өз көздерімен көріп, қолмен жасап көрді.
👗 Тігін ісі.
🍰 Кондитер-аспаз шеберлігі.
💇♀️ Шаш сәндеу өнері.
✅ Осы бағыттар бойынша білікті мамандар арнайы шеберлік сағаттарын өткізіп, оқушыларға өз ісінің қыр-сырын үйретті.
🔹 Бұл шара – болашақ мамандық таңдауға жасалған маңызды қадам!
🔹 Оқушылардың қызығушылығы артып, жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды.














