🌞 Лагерьдің соңғы күні 10 күн бойы ұйымдастырылған іс-шаралар мен сайыстардың қорытындысы шығарылып, салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
🎖️ Белсенді қатысып, түрлі байқаулар мен сайыстарда ерекше көзге түскен оқушылар марапат қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар, лагерь жұмысына белсене атсалысып, өз топтарын ұйымшылдықпен бастап жүрген топ жетекшілері де арнайы марапаттарға ие болды.
✨ Осы 10 күн ішінде балалар жаңа достар тауып, өз қабілеттерін дамытып, қызықты сәттерге толы жарқын естеліктер жинады.
💐 Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Жазғы демалыстарыңыз көтеріңкі көңіл күйге, қуанышқа және жаңа жетістіктерге толы болсын!














