🌞 Лагерьдің соңғы күні ерекше көңіл күймен және қызықты іс-шаралармен қорытындыланды.
🎨 Балалар заманауи дизайн үйірмесінде шығармашылық идеяларын жүзеге асырып, ♟️ тоғызқұмалақ үйірмесінде логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Сонымен қатар, 🏃 дене шынықтыру үйірмесінде белсенді ойындарға қатысып, 🧶 ұлттық өнер үйірмесінде ұлттық қолөнермен танысты.
✨ Күннің басты шарасы – «Қолөнердің ғажайып әлемі» атты сайыс болды. Сайыс барысында оқушылар түрлі-түсті қағаздарды пайдаланып, әдемі аппликациялар жасап, өз қиялдары мен шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, түрлі стакандардың көмегімен ерекше кейіпкерлер құрастырып, шығармашылық жұмыстарын таныстырды.
💐 Осылайша, «Білімпаздар мекені» жазғы сауықтыру лагерінің 10 күндік жұмысы өз мәресіне жетті. Лагерь күндері балаларға жаңа достар, жарқын әсерлер, қызықты тәжірибелер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады. Жазғы демалыстарыңыз көңілді әрі пайдалы өтсін! 🌈☀️📚🎉














