🌞 Лагерьдің тоғызыншы күні балалар үшін белсенділікке, достыққа және көтеріңкі көңіл күйге толы өтті.

🎨 Оқушылар көркем мүсін үйірмесінде шығармашылық қабілеттерін дамытса, ♟️ тоғызқұмалақ үйірмесінде логикалық ойлау дағдыларын шыңдады. Сонымен қатар, 💃 би үйірмесінде өз өнерлерін көрсетіп, 🧶 ұлттық өнер үйірмесінде ұлттық қолөнермен танысып, қызықты жұмыстар орындады.

🏃‍♂️ Күннің ерекше шараларының бірі – GAZVPOL тимбилдингі болды. Іс-шара барысында әр топ түрлі спорттық сайыстарға қатысып, өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Балалар ұйымшылдық танытып, бір-біріне қолдау көрсетіп, командалық рухтың маңызын сезінді.

✨ Тоғызыншы күн балаларға қуанышты эмоциялар, жарқын әсерлер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады. 🌈🏆🎨💃

 

 

 

 

 

 

 

 

▲