🌞 Лагерьдің сегізінші күні танымдық және шығармашылық іс-шараларға толы болды.
🤖 Күннің басты шарасы – «Робототехника дағдылары» атты сайыс. Сайыс барысында әр топ өздері дайындаған робот макеттерін таныстырып, жобаларын қорғады. Оқушылар роботтардың қоғамға тигізер пайдасы мен қолданылу бағыттары туралы өз ойларын ортаға салып, тың идеяларын ұсынды. Қатысушылардың шығармашылығы, ізденімпаздығы мен жаңашыл көзқарастары көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
🏃 Сонымен қатар, балалар дене шынықтыру үйірмесіне қатысып, белсенді ойындар ойнады. 🤖 Робототехника үйірмесінде жаңа технологиялармен танысып, тәжірибелік жұмыстар жүргізсе, 🎨 көркем мүсін үйірмесінде шығармашылық қабілеттерін дамытты.
✨ Сегізінші күн балалардың білімдерін шыңдап, қиялдары мен өнертабыстық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берген мазмұнды күндердің бірі болды. 🌟🤖🎨🏃♂️📚














